Arystan IT Group Central Asia Reclam Expo 2025 көрмесінде
28–30 мамыр аралығында біз Қазақстандағы ең ірі жарнама технологиялары көрмесі — Reklam Expo 2025 көрмесіне қатыстық. Іс-шара Алматы қаласындағы “Атакент” көрме орталығында өтті.
Arystan IT Group көрменің демеушісі ретінде шығып, бизнесте, сыртқы жарнамада және визуалды контентті цифрландыруда қолданылатын басты LED шешімдерін ұсынды. Стендте біз келесі жабдықтарды көрсеттік:
— Әртүрлі форматтағы ішкі және сыртқы LED-экрандар — Іске асқан жобаларымыздың нақты мысалдары — Фасадтарға, медиафасадтарға, стелаларға және витриналарға арналған техникалық шешімдер
Көрме күндері бойы біздің команда келушілерге кеңес беріп,
экрандардың конфигурациясын таңдауға көмектесті, техникалық ерекшеліктерін түсіндіріп, нақты жобалар мен жарнамалық экрандардың тиімділігі туралы сөйлес
Біздің стендке келген барша қатысушыларға алғыс білдіреміз — көрсеткен қызығушылықтарыңыз бен мазмұнды диалог үшін рақмет! Сондай-ақ, Reklam Expo ұйымдастырушыларына кәсіби алаң мен жоғары деңгейде өткен көрме үшін ерекше алғыс айтамыз.