Arystan IT Group

инновациялар, сапа, сенімділік

Arystan IT Group — Қазақстандағы өз өндірісі бар отандық тауар өндіруші. Бізде жөндеу және кепілдік қызмет көрсету бойынша сертификатталған жеке орталық жұмыс істейді.

Біз Қазақстан бойынша жабдықты интеграциялау, монтаждау, орнату және бағдарламалық қамтамасыз етуді іске қосу бойынша кешенді қызметтерді ұсынамыз.

жарықдиодты дисплей өндірісі
1 жыл
іске асырылған жобалар
1 +
индустриялық аймақ
100 кв.м.
компаниядағы қызметкерлер
10 +
Сертификаттау

Бізде CT-KZ және Сапа мен стандарттарды куәландыратын индустриялдық сертификаттар бар

Жеткізу

Біз Қазақстан бойынша жылдам әрі сенімді жеткізуді қамтамасыз етеміз. Жабдықтардың кез-келген жерге уақытылы жеткізілуіне кепілдік береміз.

Өндіру

Бізде жоғары сападағы өндіруге арналған, заманауи құралдармен жабдықталған жеке өндірістік цех бар.

Жобалар

Біз 2000нан астам мекемелерді жабдықтай отырып, өнімді жұмысқа арналған заманауи технологияларды қамтамасыз еттік.

Қолдау қызметі

Біздің сервистік орталығымыз және тәулік бойы 24/7 жұмыс істейтін техникалық қолдау қызметі кез келген уақытта жедел әрі кәсіби көмек көрсетуге дайын.

Қойма

Бізде Қазақстандағы ең ірі LED-экрандар қоймасы бар. Бұл — кең ассортимент пен еліміздің түкпір-түкпіріне жылдам жеткізуді қамтамасыз етеді.

Біз дистрибьюторлармыз

Unilumin

Arystan-IT компаниясы — Қазақстандағы Unilumin өнімдерінің ресми дистрибьюторы.

Unilumin — LED экрандарын өндіруші ретінде алғашқылардың бірі болып IPO-ға шыққан саладағы жетекші компания. Біз он жылдан астам уақыт бойы экрандарды кәсіби түрде әзірлеп, өндіріп, жергілікті және шетелдік тұтынушыларымызға жоғары сапалы жабдықтар мен сенімді шешімдер ұсынып келеміз.

Lampro

Arystan-IT компаниясы Қазақстандағы LAMPRO өнімдерінің ресми дистрибьюторы.

2004-жылы іргесі қаланған LAMPRO компаниясы жарықдиодтты экрандар мен дисплейлерді өндіруге маманданған. Бұл компания дайын шешімдерді ұсынып қана қоймай, жарықдиодты экрандарды құрастыруға арналған бөлшектерді ұсынады және жылына 3000ға жуық экранды әлемнің 90нан астам еліне тасымалдайды.

ADGUARD

Arystan-IT компаниясы — Қазақстандағы Adguard Software Limited өнімдерінің ресми дистрибьюторы.

AdGuard жарнамаларды бұғаттауға, деректерді қорғауға және интернеттегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық жасақтама. Ол дербес компьютерлерде, мобильді құрылғыларда және браузерлерде қолжетімді. Бағдарлама жарнамаларды сүзгіден өткізеді, фишингтен және бақылаудан қорғайды, сондай-ақ ата-ана бақылауы мен желілік сүзгілеуді (AdGuard Home арқылы) ұсынады.

MozaBook

Arystan-IT компаниясы — Қазақстандағы mozaBook өнімдерінің ресми дистрибьюторы.

mozaBook мектеп сабақтарын әртүрлі иллюстрациялық, анимациялық және презентациялық құралдар арқылы байыту үшін әзірленген интерактивті білім беру бағдарламалық жасақтамасы.

Біз қамтамасыз етеміз

Интерактивті панельдер

Біз заманауи оқу кеңістіктерін жасаймыз. Олар интерактивті панельдермен, конференц-жабдықтармен және озық IT-шешімдермен жабдықталады.

Біздің кешенді жүйелер оқушылардың сабаққа қатысуын арттырып, мұғалімдердің жұмысын жеңілдетеді. Біз барлық процесті қамтимыз — жабдықты таңдаудан бастап, оны орнатып, техникалық қолдау көрсетуге дейін.

LED

Біз бизнес, білім беру және жарнамаға арналған заманауи Лед экрандарды өндіреміз.

Жоғары жарық, бейнелердің тұнықтығы және энергоөнімділік кез-келген жағдайда таңғаларлық бейнелері көруге мүмкіндік береді.

Моноблоктар

Біз өнімділікті ,актамдылықты және заманауи дизайнды біріктіретін қуатты және стильді моноблоктар шығарамыз. Олар кеңсеге, оқу орындарына және үйге өте ыңғайлы, кеңістікті үнемдейді және жұмыс процесін жеңілдетеді.

Заманауи технологиялар жылдам жұмыс, жоғары сапалы сурет және энергия тиімділігін қамтамасыз етеді. Біздің моноблоктар-бұл бір құрылғыдағы сенімділік, ыңғайлылық және инновация!

Компьютерлер

Біз бизнес, білім беру және жеке қолдануға арналған заманауи компьютерлерді өндіреміз. Жоғары өнімділік, сенімді бөлшектер мен ойластырылған құрылым кез-келген жағдайда тұрақты жұмысты қамтамасыз етеді.

Біздің компьютерлер әртүрлі қажеттіліктерге бейімделген, кеңсе жұмысы, тіпті күрделі есептеулер сияқты жқмыстарды атқара алады. Бұл ыңғайлы жұмысқа арналған қуатты, ұзаққа жарамды және өнімді шешім.

Дайын кабинеттер

Біз интерактивті жабдықтармен, жиһазбен және озық технологиялармен жабдықталған заманауи дайын оқу кабинеттерін жасаймыз. Кеңістіктер оқушылардың жайлы оқуы мен дамуы үшін ойластырылған.

Біздің шешімдеріміз заманауи білім беру стандарттарына сәйкес келеді, бұл оқу процесін көрнекі, интерактивті және тиімді етеді.

Бағдарламалық қамтамасыз ету

Біз білім беруге арналған озық бағдарламалық қамтамасыз ету – MozaBook-тың және интернет қауіпсіздігіне арналған сенімді шешім – AdGuard-тың ресми дистрибьюторларымыз.

Біздің өнімдеріміз интерактивті сабақтар құруға, пайдаланушыларды жарнамадан және киберқауіптерден қорғауға көмектеседі, бұл ыңғайлы және қауіпсіз жұмысты қамтамасыз етеді.

Arystan IT Group

Қазақстандағы ең үлкен LED-экрандар қоймасы

Бізде толық автоматтандырылған өндірісі бар индустриялық парк бар, оның аумағы 400 000 шаршы метрден асады.

Arystan IT Group

Kazdidac қауымдастығы

Біз Kazdidac қауымдастығының мүшелеріміз. Қауымдастық ҚР Әділет министрлігінде тіркелген және «Атамекен» ҰКП-да аккредиттелген. Ол білім беруді материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға қатысады және мемлекеттік органдармен ынтымақтасады.

Ұйым оқу жабдықтары нарығын үйлестіреді, жаңа технологияларды ілгерілетеді, жеткізушілерді қолдайды және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді. Қауымдастыққа мүшелік білім беру мекемелеріне кеңестер мен ақпараттық қолдауға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Біз әлеуметтік желілерде

Arystan IT Group

Біз өз жұмысымыздың жаңалықтарымен, кейстерімен және Сахна артымен белсенді бөлісеміз. Біздің жобаларымызды бақылау, аппараттық шолуларды көру және сарапшылардың кеңестерін алу үшін жазылыңыз!

🔴 YouTube-бейне шолулар, репортаждар және кейстер
📸 Instagram-сахна артында, оқиғалар, тірі оқиғалар

kkKZ

Log in

You dont have an account yet? Register Now

Пішінді толтырыңыз

Және біздің менеджер жақын арада Сізбен хабарласады.

Нажимая кнопку «Отправить заявку», я даю согласие на обработку персональных данных